Ол eGov.kz порталы және Мgov мобильді қосымшасында қолжетімді. Егер куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн және одан аз уақыт қалса, сондай-ақ жарамдылық мерзімінің өтуіне 10 күннен аспаса, бұл қызметті онлайн алуға болады. Онлайн-форматта құжаттау азаматтарға: - жеке куәлік ауыстыруға өтінім беруге; - фотосурет жүктеп, қолтаңба қоюға; - жеке деректерді растауға; - мемлекеттік бажды төлеуге (өз қалауы бойынша жеделдетілген қызмет алуға) мүмкіндік береді. Бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді және ХҚКО-да кезекті болдырмайды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында