Ерболат Досаев Алматы әкімі лауазымынан босатылды

Ерболат Досаев Алматы қаласы әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Ras.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасай отырып

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.

Бұған дейін ақпарат құралдарында, бүгін сағат 12:00-де Алматы мәслихатының депутаттары жаңа қала әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады делінген болатын.

Ол Алматы қаласын 2022 жылғы 31 қаңтардан Алматы қаласын басқарып келді

Бөлісу